423,41 498,70 5.56
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ШҚО-да соңғы екі жылда заңсыз ағаш кесуге қатысты 18 дерек тіркелген

  • 218
  • UPD: 23:19, 10.08.2020

Еліміздегі орман шаруашылығына түбегейлі өзгеріс қажет.

Ол үшін осы саладағы мамандардың мәртебесі мен жалақысын көтеру ең негізгі мәселе, хабарлайды «Хабар 24».

Сонда ғана кадр тапшылығы шешіліп жемқорлық жойылады. Ал, қазір орманды заңсыз отайтындар ондағы күзетшілерімен астыртын сыбайлас деген күдік те жоқ емес.

Бірақ бұл әлі дәлелденбеген дерек. Десе де, соңғы екі жылда шығыстағы тек Риддер қаласындағы ең ірі екі орман шаруашылығы төңірегінен заңсыз ағаш кесуге қатысты 18 дерек тіркелген. Осы салаға жауапты манадардың пәрмені мен дәрменін арна тілшісі Олжас Керейхан байқап келді.

Олжас Керейхан, тілші:

- Күнделікті жағдайды бақылап, баяндау – әрбір орманшының міндеті. Ең негізгі жұмыстары өрттен сақтап, браконьерге тосқауыл болу. Оған қоса орманнан ағаш кесуге ресми рұқсаты бар мекемелердің жұмысын бақылау.

Қайырды Орсаринов, Пихтовск орман шаруашылығының директоры:

- Ағаш дайындап жатқан кезде барып, бақылау жасап жүреді. Одан кейін ағашты қиып болғаннан кейін ол кісілер анықтама береді. Сол анықтама бойынша көзімізді жеткіземіз.

Көз жеткізу үшін әрбір кесілген түп ағаш саналып, текше метріне дейін өлшенеді. Ал, ағашты кескен мекеме сол жерді қалпына келтіріп, оған жас көшет егуге міндетті. Риддер өңіріндегі орманшылар үшін ең басты мәселе – оны заңсыз отайтындар. Бір ғана Пихтовск орман шаруашылығының аумағы 80 мың гектар болады. Оны 49 адам ғана күзетеді. Норматив бойынша бір орманшы 4-4,5 мың гектрады бақылау керек. Бірақ қазір бір маман 9-10 мың гектар алқапты қарайды. Құз-жартаста жыл он екі ай табан аудармай жүру мүмкін емес. Сондықтан браконьерлермен күресте орманшыларда пәрмен болғанмен, дәрмен жоқ.

Александр Акулов, Риддер қаласының прокуроры:

- Орманды заңсыз отап жатқанда үстінен түсіп ұстап алмасаң, мойындату өте қиын. Өйткені бұл аймақ өте үлкен. Бірақ оған қармастан, тек биыл 8 дерек тіркеліп, іс қозғалды.

Риддер өңіріндегі орманды бақылау үшін биыл құрамында бірнеше құзырлы органның қызметкері бар арнайы мобильді топ құрылды. Олар кез келген уақытта рейдке шығады. Ағаш кесуге қатысты әрбір ақпаратты тексереді. Ал, орман шаруашылығы жетекшілері ағаш бұрынғыдай заңсыз өндірістік деңгейде кесіледі дегенді жоққа шығарып отыр.

Қайырды Орсаринов, Пихтовск орман шаруашылығының директоры:

- Бір сигнал түссе, «бір жерде заңсыз ағаш қиылып жатыр» деген болса, сол жерге мобильді топ барып, ол жердегі демалысқа да қарамай, күн-түнге қарамай, мобильді машина дайын тұрады шыққанға.

Жалпы шығыста орман алқабы жы санып өсіп келеді. Соңғы 12 жылда 126 мың гектарға ұлғайған. Есесіне ағаш өңдеу саласы қарқын ала алмай тұр. Қазір бар болғаны бір жылда 70 мың текше метр ғана ағаш кесіледі. Яғни, ағаш өңдеу зауыттары бір жылда 7% ағашты өңдейді. Сондықтан орман және ағаш өңдеу өрекәсібінің жетекшісі бұл салаға кешенді өзгеріс қажет деп санайды. Ол үшін бизнестің бұл түрімен шұғылданатын кәсіпкерлер өз істерін ашық жүргізгенде ғана нәтиже болады.

Виталий Чернецкий, облыстық  орман және ағаш өңдеу өнеркәсібі қауымдастығының атқарушы директоры:

- Орманды оңтайлы пайдаланудың құқықтық негіздемесін жасау керек. Егер жұмыс ашық әрі заңды жүргізілсе, кесілген бір текше метр ағаш үшін жергілікті бюджетке бір айлық көрсеткіш есебінде қаржы түседі. Бұл 2800 теңге дейік. Ал 10 мың текше метрден салықты қоса есептегенде 25-26 миллион теңге жиналады.

Дегенмен, шығыстағы орманшылардың жағдайын оңалту үшін келер жылы түрлі бюджет көзінен 300 миллион теңге бөлінбек. Бір жарым мың орманшы жұмысқа қабылданбақ. Ал қазір аймақта осы салада 800-ден аса маманның орны бос тұр.

Авторлары: Олжас Керейхан, Дмитрий Пыхтин, Жігер Бабаханов

Хабар 24 телеарнасы