420,67 511.30 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Экология министрлігіне бір аптада стихиялық қоқыстарға қатысты 623 шағым түскен

  • 268
  • UPD: 09:39, 11.08.2020
Экология министрлігіне бір аптада стихиялық қоқыстарға қатысты 623 шағым түскен

Экология министрлігінің жедел желісіне соңғы аптада стихиялық қоқыстарға қатысты 623 шағым келіп түсті.

Стихиялық қоқыс туралы хабарлардың көпшілігі Алматы (90), Шығыс Қазақстан (62) және Қарағанды ​​облыстарынан (48), сондай-ақ Алматы қаласынан (47) келіп түсті. Ақмола (42) мен Ақтөбе облысы (30) азаматтардан түскен өтініштер саны бойынша көшбасшылар бестігіне кірді, деп хабарлады ҚР ЭГТРМ баспасөз қызметі.

623 шағымның 469-ы стихиялық үйінділерге, 154-і толып кеткен контейнерлерге қатысты. Бір апта ішінде әкімдікпен бірге полигондардың жартысынан көбі немесе 347 үйінді жойылды. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда.

Жалпы Экология министрлігі тұрғындар тарапынан түсетін шағымдар саны артқанын байқауда. Бұл азаматтық позицияның өскенін білдіреді. Оның үстіне жедел желі жұмысының тиімділігі кейінгі екі аптада айқын байқалады.

Шағым түскеннен кейін ақпарат дереу жергілікті экология департаменттеріне, ҚР ІІМ қызметі мен әкімдіктерге жіберіледі. Мамандар жедел тексеру орнына барып, шара қолданады, кінәлілер жазаланып, соның ішінде айыппұл салынады.

Еске салсақ, Экология министрлігінің жедел желі нөмірі: +7 (775) 952-49-00. Whatsapp арқылы осы нөмірге кез келген қазақстандық өз қаласындағы немесе ауылындағы стихиялық коқыс туралы ақпаратты, оны растайтын фотосурет пен бейнетүсірілімді жібере алады.

Экология министрлігі бұл мәселеге бей-жай қарамауды өтінеді. Тұрғындар стихиялық үйінділерге куә бола қалса, жедел желіге дереу хабарлауын, заңбұзушыларға сол жерде ескерту жасап, полиция шақыру керектігін еске салады. ҚР ЭГТРМ баспасөз қызметі аталған бағыттағы жұмыс тек бірлесіп атқарған уақытта ғана ретке келетінін атап өтті.

Хабар 24 телеарнасы