419,69 511.30 5.67
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Мұнайлы өңір бағбандары алма ағашынан жеміс жинауға кірісті

  • 401
  • UPD: 10:25, 11.08.2020
Мұнайлы өңір бағбандары алма ағашынан жеміс жинауға кірісті

Атырау облысына қарасты Махамбет ауданындағы Жалғансай ауылының енді алмамен аты шықпақ. Мұндағы шағын шаруа қожалығы 8000 түп алма ағашын отырғызып, өнім алуды бастаған.

Махамбет ауданының шаруалары алма өсіруді қолға алған. Осыдан 3 жыл бұрын 12 гектар жерге егілген жеміс ағаштары биыл жақсы өнім бере бастапты. Әрине, бұл жемістің жерсінуі алғашында қиын болған еді. Бірақ күтімнің арқасында өсіп-жетіліпті. Мұнда қазір Беларусь, имант, Коваленко секілді алманың 3 сорты егілген. 

Гүлшат Қабдешова, бағбан:

- Мировой стандартқа кіретін алмалар еккіміз келеді. Бұл алмалар Беларусияның алмасы болғасын субсидия берілмейді. Дәрілердің бәрін өзіміздің қаражатқа сатып аламыз. Сумен проблема жоқ. Халықтың күшімен жиналып, осылай жасап жатқан жұмыстарымыз бар. 

Шаруа қожалығы жергілікті 20 тұрғынды жұмыспен қамтып отыр. Сондай-ақ мұнда тәжірибе ретінде лимонды да өсіріп көрмек. Егер өнімнің өсімі жақсы болса, бұл жұмысты да жандандыру жоспарда бар.

Ақылбек Бекеев, шаруа қожалығының жетекшісі:

- 3 ай болды. Лимон принялся. Енді біздер лимонды егіп, көбейтейін деп жатырмыз. Бірінші рет осы сорт Қазақстанға, Атырау облысына келіп тұрған сорт мынау. Осыны егіп жатырмыз.

Шаруалардың айтуынша, алынған өнімді өңдейтін, сондай-ақ алма шырынын дайындайтын арнайы зауыт келесі жылы іске қосылмақ. Бұл атыраулықтарды табиғи өніммен қамтамасыз етіп ғана қоймай, жұмыссыздық мәселесін жолға қоюға жәрдемдеспек. 

Авторлары: Асланбек Шығыр, Темірлан Сұлтанғазиев, Жандос Рақметуллин

Хабар 24 телеарнасы