428,35 499,00 5.47
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Оралда волонтерлер Дариян ауылы маңындағы орманды тазартуға көмектесті

  • 230
  • UPD: 10:39, 11.08.2020
Оралда волонтерлер Дариян ауылы маңындағы орманды тазартуға көмектесті

Батыс Қазақстан облысында волонтерлер Дариян ауылы маңындағы орманды тазартуға атсалысты.

Экологиялық акция қатысушыларының айтуынша, демалыс орыны саналатын көрікті жерлер қоқыс төгетін орынға айналған. Демалушылардан жергілікті тұрғындар да қалысар емес. Тұрмыстық қалдықтарды орманға апарып төгіп, қоршаған ортаға залал келтіріп жатыр.

Қазақстан халқы Ассамблеясы, «Жасыл ел» және түрлі қоғамдық ұйым атынан жиылған жастар бұл істе ұйымшылдық танытты. Олар бірнеше жүк көлігіне тиелген қатты тұрмыстық қалдығын орман аумағынан шығарды. Сұрыпталған заттар қайта өңдеу зауытына тапсырлады. Ал одан түскен қаражат қайырымды іске жұмсалмақ.

«Алдағы аптада осындай сенбілікті Шалқар өзенінің жағалауында ұйымдастырамыз», - дейді белсенді жастар. 

Әсел Мырзахметова, «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысы төрағасының орынбасары:

- Орманды қоқыс төгетін полигонға айналдырғанын көріп, жағамызды ұстадық. Оны реттеуге тек ,ана волонтерлердің күші жетпейді. Экскаватор секілді арнайы техника керек. Бұл жергілікті тұрғындар ісі ғой. Олардың көбі жұмыссыз. Ал тұрмыстық қалдықтарды жинап, сұрыптап, тапсырып табыс табуына болады деп ойлаймын.

Хабар 24 телеарнасы