423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елдердің әскери күші бойынша рейтингте Қазақстан 63-орынға тұрақтады

  • 517
  • UPD: 10:44, 11.08.2020
Елдердің әскери күші бойынша рейтингте Қазақстан 63-орынға тұрақтады zakon.kz

Global Firepower әлем елдерінің әскери қуаттылық деңгейі бойынша рейтингін жасады, деп хабарлады finprom.kz.

Рейтингке барлығы 138 ел кіреді. АҚШ бірінші орынға жайғасты. Алғашқы бестікте сонымен қатар Ресей, Қытай, Үндістан және Жапония бар. Ал ондыққа Оңтүстік Корея, Франция, Ұлыбритания, Египет және Бразилия енген.

Бұл рейтингте Қазақстан 63-орынға ие болды. Осылайша, Болгария (62 орын) мен Әзербайжанның (64 орын) арасында тұр.

Рейтингтегі елдер 50 фактор бойынша бағаланған. Оның ішінде әскери қорғанысқа бөлінетін шығын деңгейі, техника мен жабдықтардың арсеналы, әскер саны, танктер, кемелер, ұшақтар және басқа да әскери техникалар саны ескерілген.

finprom.kz мәліметінше осы жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша Қазақстанның мемлекеттік бюджет шығындары 7,4 трлн теңгені құрады. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 23,8% көп. Оның ішінде қорғаныс саласының шығындары 311,4 млрд теңгені құрап, былтырғымен салыстырғанда 4,2% өскен.

Хабар 24 телеарнасы