426,32 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Көкшетауда көшелерге дәрігерлердің потреттері ілінді

  • 212
  • UPD: 13:56, 11.08.2020
Көкшетауда көшелерге дәрігерлердің потреттері ілінді

Ақмола облысында медицина мамандарына құрмет ретінде көшелерге дәрігерлердің потреттері ілінді.

«Дәрігерлерге мың алғыс» деп аталатын мұндай билбордтарға 300-ге жуық қызметкердің фотосуреті қойылған. Яғни облыс көлемінде осындай 100 шақты құрмет тақтасы бар. Олар коронавирус инфекциясымен күресуге тікелей атсалысқан мамандар.

Айта кетейік, қауіпті вирус шарықтау шегіне жеткен кезде аймақта жүздеген дәрігер осы ауруға шалдығып, медицина қызметкерлерінің жетіспеушілігі қатты сезілген болатын. Сондықтан қалғандарына да оңай соқпады. Өңірде санитарлық дәрігерлер де тапшы. Облыста ондай небәрі 40 шақты маман ғана бар. 

Қанат Ысқақов, қаланың бас санитар дәрігері:

- Осындай қиын жағдай болғанда біз тәулік бойы жұмыс істедік. Біздің штатымыз 15 кісі ғана. Соған қарамастан біз Бурабай ауданына, Целиноград ауданына кісілерді жібердік командировкаларға. Көкшетауда стационарларда күнде 20-30 кісідей түскен жағдай болды. Медициналық бір сменада 2-3 дәрігер ғана болды. Біздің дәрігерлермен үлкен жұмыс атқарылды. 

Татьяна Чернышева, қала тұрғыны:

- Медицина қызметкерлерінің қандай құрметке болсын лайық екені даусыз. Вирус өршіген кезде біз қауіпті індетті жұқтыра алмайық деп үйде отырсақ, ол кісілер қатерлі дертпен күн-түн демей күресіп жатты. Сондықтан барлығына алғысым шексіз.

Хабар 24 телеарнасы