428,35 499,00 5.47
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Павлодарда Сенат сайлауына дайындық жүріп жатыр

  • 233
  • UPD: 14:21, 11.08.2020

Сенат сайлауы таяп қалды. Өңірлерде дауыс беру қосындарын дайындау ісі қызу жүріп жатыр. Ең бастысы, санитарлық-эпидемиологиялық талаптар қатаң сақталуы шарт. Павлодарда сайлау Естай атындағы қалалық мәдениет сарайында өтеді.

Дауыс берушілерді тіркеу электронды форматта жүзеге асады. Сайлауалды дайындықты тексеру мақсатында техникалық топ электронды-ақпараттық жүйені тестілеуден өткізді. Ғимарат дайын, материалдық-техникалық жағынан толық қамтамасыз етілген.

Медет Башир, ҚР Орталық сайлау комиссиясы инженерлік-техникалық орталығының аймақтық өкілі:

- Бәрін тексеріп шықтық, жұмыс істеп тұр. Әрбір дауыс берушіні тіркейтін 6 оператор болады. Олар мейлінше ширақ қимылдауы  тиіс.  Өйткені  басқаларға кедергі жасамауымыз керек.

Өңірде барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының саны 180-нен асады. Жоғарғы палатаға өкілді солар таңдайды. Сенат сайлауына Ертіс өңірінен үш үміткер түсіп отыр. Жастары шамалас. Біреуі әйел адам. Екеуі өзін өзі ұсынған. Бұл пандемия жағдайында өтіп жатқан алғашқы сайлау. Сондықтан әлеуметтік арақашықтықты сақтау маңызды. Медициналық бригада кезекшілік жасайды. Сайлаушыларға бір рет қолданылатын құралдар беріледі және алмасуға болмайды. Дауыс беруге арналған кабиналардың перделері алынған.

Людмила Кабанцова, облыстық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары:

- Еліміздің бас санитарлық дәрігері бекіткен талаптар сақталады. Кіреберісте залалсыздандыру құрылғысы орнатылған және үш медицина қызметкері адамдардың дене қызуын өлшейді. Сайлаушылар  бетперде және резина қолғаптармен, санитайзермен қамтамасыз етіледі. Бәрі ойдағыдай болады деген сенімдеміз. Ал дене қызуы болса, дауыс беруге жіберілмейді. Себебі мұнда келген адамдардың денсаулығын ойлауымыз керек.

Сайлаушыларды электронды тіркеу мен сайлаудың өзі таңертеңгі сағат 10–да басталады. Саяси науқанның өту барысын бақылаушылар қадағалайды. Бюллетеньдер салынған жәшік дауыс беру аяқталғаннан кейін  ашылып, қорытындысы бірден жария етіледі. 

Авторлары: Қарлығаш Қасиетова, Марат Игіліков

Хабар 24 телеарнасы