423,41 498,70 5.56
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтауда парашюті толық ашылмай қалған әскери қызметші ауыр халде жатыр

  • 297
  • UPD: 14:18, 11.08.2020
Ақтауда парашюті толық ашылмай қалған әскери қызметші ауыр халде жатыр

Ақтауда парашютпен секіру барысында бір әскери қызметшінің парашюті толық ашылмай қалған, деп хабарлады ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

«2020 жылғы 5 тамызда Ақтау қаласында ұшу құрамы парашютпен секіруді орындау барысында әскери қызметшілердің бірінде парашют толық ашылмады. Жерден берілген командаларға парашютші жауап бермеді. Қосалқы парашютті пайдаланбай, нәтижесінде жерге қатты түсті», - делінген хабарламада.

Зардап шеккен әскери қызметшіге алғашқы медициналық көмек көрсетілді. Ол Ақтау қаласының медициналық мекемесіне жедел жеткізілген. 8 тамыз күні дәрігерлер хирургиялық операция жасады. Әскери қызметшінің жағдайы ауыр.

«Парашютпен секіру қолайлы метеорологиялық жағдайларда жауынгерлік даярлық жоспарына сәйкес орындалды. Әскери қызметшілерге секіруді орындау алдында қауіпсіздік шараларын сақтау бойынша нұсқаулық өткізілді. Оқиғаның себептерін анықтау бойынша қызметтік тергеу басталды», - делінген.

Хабар 24 телеарнасы