423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақстанда Мемлекеттік БАҚ порталы іске қосылды

  • 328
  • UPD: 15:20, 11.08.2020
Қазақстанда Мемлекеттік БАҚ порталы іске қосылды

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі мемлекеттік бағдарламалардың бірыңғай порталы (http://program.2gov.kz/) және мемлекеттік БАҚ порталы (http://news.2gov.kz) деп аталатын екі жаңа порталды іске қосты, деп хабарлады министрліктің telegram парақшасы.

Мемлекеттік бағдарламалардың бірыңғай порталында мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылу барысы мен кезеңдері туралы, оларға жауапты және бақылайтын органдар туралы барлық ақпарат, мультимедиялық мазмұндағы нұсқаулықтар, инфографикалар және т.б. орналастырылады.

Порталдың мазмұны үнемі жаңартылып отырады, жақын арада оның Youtube-тегі арнайы арнамен бірігуі жүзеге асады.

Мемлекеттік БАҚ порталы күн сайын Қазақстанның барлық өңірлерінен ресми ақпараттарды, сондай-ақ орталық мемлекеттік органдардың жаңалықтарын жариялайды. Осы БАҚ арқылы оқырмандар мен журналистер бастапқы дереккөздерден ақпарат алып, пайдалана алады.

Хабар 24 телеарнасы