424,85 498,70 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қарағанды облысындағы ауруханаларға 78 оттегі концентраторы жеткізілді

  • 175
Қарағанды облысындағы ауруханаларға 78 оттегі концентраторы жеткізілді

Қарағанды өңіріндегі ауруханаларға 78 оттегі концентраторы жеткізілді. Сонымен қатар 100 отбасына азық-түлік үлестірілді.

Бұл жергілікті кәсіпкерлердің көмегі. Алматылық әріптестерінен қайырымдылық эстафетасын қабылдап алған бизнес өкілдерінің ешқайсы да асардан сырт қалмапты.

Айтуларынша, кәсіпкерлер палатасының арнайы сайтына қаладағы мұқтаж жандар өтініш қалдырған. Әр жанұяға шамамен 20 килограмм тағам таратылды. Бұл игі шара әлі де жалғаспақ.

Гүлия Жәңгірова, кәсіпкер:

- Менің ойымша, осы қиын заманда осы акцияға әрбір отандасымыз, әрбір жанұя, әрбір кәсіпкер қол ұшын беруі керек. Егер бәріміз бірігіп, айтады ғой қазақта «бір жеңнен шыққан қол ұзын» деп, барлығымыздың бірлігіміз артса бәрі де жақсы болады.

Хабар 24 телеарнасы