470,90 450,91 8,85
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Энергия тиімділігі картасына биыл 17 жоба енгізілді

  • 729
  • UPD: 15:30, 11.08.2020
Энергия тиімділігі картасына биыл 17 жоба енгізілді

Биыл Қазақстанның энергия тиімділігі картасына 17 жоба енгізілді.

Жобалардың аяқталуы бойынша күтілетін жылдық үнем 1,4 млрд теңгені құрайды, деп хабарлады ҚР ИИДМ баспасөз қызметі.

Энергия тиімділігі картасындағы жобалардың жалпы саны 134, оған 65 млрд теңге көлемінде қаржы қарастырылған.

Энергия тиімділігі картасының жаңа жобалары: Өскемен, Семей қалаларында және басқа да өңірлерде көше жарығын жаңғырту, автоматтандырылған жылу пунктін орнату және энергия үнемдейтін шамдарды орнату, Тараз қаласының сыртқы жарықтандыру жүйесін жаңғырту және сенімгерлік басқару, жылыту жүйесін жаңғырту және сервистік қызмет көрсету Әйтеке би кентіндегі амбулаториялық-емханалық қызметі бар Қазалы орталық аудандық ауруханасы мен Арал аудандық мұрағатында, Арал қаласындағы №2 Облыстық арнайы санаторлық мектеп-интернаты және индустриялық-техникалық колледжінде, Жаңақорған аграрлық-техникалық колледжі және Жаңақорған ауданы әкімі аппаратының әкімшілік ғимаратын, Жаңақорған кентіндегі амбулаториялық-емханалық қызметі бар Жаңақорған аудандық орталық ауруханасы және Жаңақорған аудандық мұрағатын, Шиелі индустриялық-аграрлық колледжі және Шиелі кентіндегі облыстық балаларды оңалту орталығын, Шиелі аудандық мұрағаты мен Шиелі кентіндегі амбулаториялық-емханалық қызметі бар Шиелі аудандық орталық ауруханасында көзделген. Сондай-ақ Қызылорда қаласындағы арнайы медициналық жабдықтау базасының жылыту жүйесін жаңғырту және сервистік қызмет көрсету бағытында жұмыстар жүргізілмек.

Энергия тиімділігі картасы – энергия сервистік келісімшарттар тетігі арқылы іске асыруға дайын энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы жобалардың бірыңғай республикалық тізбесі. Энергиясервистік келісімшарт тартылған энергиясервистік компанияның қаражаты (жеке, несиелік) есебінен жеке шығындардың орнын толтыру мен энергияшығынның іс жүзінде қол жеткізілген үнемділігінен қаржылық табыс алу арқылы тапсырыс берушінің кәсіпорнына энергия үнемдейтін технологияны енгізу бойынша жұмыстар кешенін мамандандырылған энергиясервистік компанияның орындауын болжайды.

Айта кетерлігі, энергиясервистік келісімшарттың өзге энергия үнемдейтін іс-шараларды қаржыландыру түрінен негізгі қағидаға сай айырмашылығы кәсіпорынға жеке қаражатын салудың қажет еместігі болып табылады. Яғни, кәсіпорын қаржылық шығынға ұшырамай-ақ, жаңа құрылғы иелену мен энергиятиімді технологиялар енгізу мүмкіндігіне ие болады.

Энергиясервистік келісімшарт жасасқан жағдайда қаржылық шығындардың көп бөлігін өзіне энергиясервистік компания жүктейді. Жобаны жүзеге асыруға кеткен барлық шығын энергия ресурстарын қол жеткізілген үнемдеу есебінен толтырылады.

Бұдан бөлек, Дүниежүзілік банктің «Қазақстанда энергия тиімділігін арттыру» жобасы шеңберінде 5 әлеуметтік маңызы бар нысан жаңғыртылды. Олардың ішінде Өскемен қаласындағы балабақша, Орал қаласының ауданаралық туберкулезге қарсы ауруханасы және Облыстық туберкулез санаторийі, сондай-ақ Қарағанды және Қызылорда облыстарындағы мектептер бар.

Хабар 24 телеарнасы