431,68 502,00 5.40
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Министр алматылықтарды қаладағы экологияны жақсарту жоспарын бірлесе жасауға шақырды

  • 237
Министр алматылықтарды қаладағы экологияны жақсарту жоспарын бірлесе жасауға шақырды

Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев Алматыдағы тұрғындарды қаладағы экологиялық жағдайды бірлесе талқылау және әрекет ету шараларын әзірлеу үшін онлайн-кездесуге қатысуға шақырды.

«Біздің министрлік экологиялық жағдайды талқылау және тұрғындардың пікірін ескере отырып шешімдер әзірлеу үшін қалалар мен аудандардың тұрғындарымен бірнеше онлайн-кездесулерін жалғастыруда. Алдағы бейсенбі, 13 тамыз күні сағат 11:00-де Алматыда пікірталас өткізуді жоспарлап отырмыз», – деп жазды М.Мырзағалиев өзінің Twitter-дегі парақшасында.

«Қала тұрғындары әрқашан экологиялық мәселелер бойынша белсенді азаматтық ұстанымымен ерекшеленеді. Сондықтан, біз қаланың экологиясын жақсарту үшін сапалы жоспар құра аламыз деген ойдамыз. Барлық қызығушылық білдірген адамдарды кездесуге қатысуға, өз пікірлері мен ұсыныстарын айтуға шақырамын», – деді ол.

Талқылау zoom алаңында өткізіледі. Ал тікелей көрсетілім Экология министрлігінің facebook-тағы парақшасында тікелей эфирде болады.

Қатысамын деушілер байланыс деректері мен электрондық поштасын Алматы Экология департаментінің 87015055505 whatsapp нөміріне немесе 87017932418 нөміріне жібере алады. Конференцияға сілтеме: https://us02web.zoom.us/j/9043681468 кілт сөз: 2209.

Хабар 24 телеарнасы