423,41 498,70 5.56
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыда екі массаж салоны карантинде жұмыс істеген

  • 326
  • UPD: 16:53, 11.08.2020
Алматыда екі массаж салоны карантинде жұмыс істеген polisia.kz

Алматыда екі массаж салоны карантинді елемей жұмыс істеген, деп хабарлайды Polisia.kz.

Бұл салондар түнде анықталды. Белгілі болғандай, мекеме қызметкерлері мен қонақтары карантинге мән бермейді.

– Жедел басқару бөлімшелерінің қызметкерлері, сондай-ақ аудандық әкімдіктер, ҚДББТУ және учаскелік полиция инспекторлары арасынан арнайы мониторингтік топтар карантин нормаларының бұзылуын анықтауға бағытталған рейдтер жүргізуді жалғастыруда. Медеу ауданы аймағында 19 жастан асқан қыздар клиенттерге интимдік қызмет көрсететін массаж салоны анықталды. Олар карантин кезінде түнде жұмыс істеді. 16 әйел адам мен салон әкімшілері шара қолдану үшін аудандық полиция басқармасына жеткізілді.

Материалдар ҚР ӘҚбК-нің 425-бабына сәйкес жиналды және әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін аумақтық УККБТУ қызметкерлеріне тапсырылды. Жезөкшелікпен айналысуға жол берген массаж салонының иелеріне қатысты бөлек сот ісі жүргізілді, – деп хабарлады Алматы қалалық ПД Криминалдық полиция басқармасының бастығы Еркін Іңкәров.

Хабар 24 телеарнасы