424,85 498,70 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордада бір топ тұрғын коммуналдық қызметке қарызын бөліп төлейтін болды

  • 198
  • UPD: 21:39, 11.08.2020
Елордада бір топ тұрғын коммуналдық қызметке қарызын бөліп төлейтін болды

Елордада әлеуметтік осал топтағы азаматтар қоныстанған 6 үй электр қуаты мен судан ажыратылмайды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қарызды кезең-кезеңмен төлеуге мүмкіндік беріледі. Бұл туралы қалалық тұрғын үй қоры директорының орынбасары Немат Ахмеджанов айтты. Естеріңізде болса, осыдан тура бір апта бұрын бас шаһардағы «С 303 көшесі, 2» мекенжайының тұрғындары бірқатар мәселесін айтып, арнамызға хабарласқан болатын. Олар коммуналдық қызмет қарызына байланысты үйлерін электр қуаты мен судан ажыратуы мүмкін деген шағымын айтқан еді.

Немат Ахмеджанов, қалалық «Тұрғын үй қоры» КММ директорының орынбасары:

– Қарызды кезең-кезеңмен төлеу қарастырылған. Тұрғын үйлер су мен электр қуатынан ажыратылмайды. Былтыр жыл соңында есептеуіш құралдарға дер кезінде пломба орнату мүмкін болмады. Оған бірінші кезекте елде енгізілген карантин тәртібі әсер етті. Бірақ қазір барлық пәтердің есептеуіш құрылғыларына пломба салынып жатыр. Тұрғындардың қарызы есептеуіш құралдың іс жүзіндегі көрсеткіші бойынша белгіленеді. Өйткені алғашында халық қоныстанған кезде есептеуіш құралдар жұмыс істеп тұрды.

Ал тұрғын үй құрылысының сапасы бойынша 2 жылдық кепілдік бар. Қабырғаның отыруынан пайда болған жарық немесе терезенің сынуы, құбырдың жарылуы сияқты кемшіліктерді үйді салған құрылыс компаниясы жойып отырады, – дейді Немад Ахмеджанов. Одан басқа ұсақ мәселелер пәтер иелері кооперативінің қатысуымен шешіледі.

 

Хабар 24 телеарнасы