432,64 506,00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ШҚО-да дәрі бағасын негізсіз өсіру бойынша 15-тен астам дерек анықталды

  • 269
  • UPD: 18:44, 11.08.2020
ШҚО-да дәрі бағасын негізсіз өсіру бойынша 15-тен астам дерек анықталды

Шығыс Қазақстан облысында дәрі-дәрмек тапшылығы жоқ, деп хабарлайды «Хабар 24».

Соңғы екі аптада аймаққа қажет дәрі қоры толық жеткізілді. Қаладағы дәріханалар желісіне күніне бес жүзден, бір мыңға дейін бетперде әкелінеді. Бір реттік бетперде 80-85 теңгеден саудаланады. Ал тұмауға қарсы дәрі-дәрмек пен препарттардың да бағасы бақылауда. Ол үшін облыста «Шығыс – адалдық алаңы» деген арнайы мобильдік топ құрылған. Оның құрамында бірнеше құзырлы орган мен қоғам белсендісі бар. Олар күн сайын облыстағы дәріханаларды аралап, жағдайды сараптап отырады. Бүгінге дейін қала бойынша 195 дәріханаға бақылау жүргізген. Нәтижесінде, дәрі бағасына қатысты 15-тен аса заңбұзушылық анықталды. Сондай-ақ аймаққа шет мемлекттен гуманитарлық көмек ретінде келген дәрілік заттардың соңғы қолға дейін тегін жеткізілуі де жіті назарда. 

Маржан Бақыт, «Шығыс - адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі:

– Жалпы, облысымыз бойынша біздің менеджерлермен  сыбайлас жемқорлыққа қарсы аймақтық агенттікпен бірге 200-ге жуық дәріханаға мониторинг жасалды. Соның ішінде 15 заң бұзушылық анықталды.  Соның 8-не әкімшілік хаттама толтырылды. Қазіргі таңда дәріханаларда жағдай реттелген.

Жігер Байділдин, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі облыстық департаменті басшысының бірінші орынбасары:

– Тамыз айында шілде айымен салытырмалы айтатын болсақ, шағымдардың саны азайды. Бұл жұмыс алдағы уақтта да жалғасады.

 

Хабар 24 телеарнасы