428,35 499,00 5.47
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Петропавлда маска тақпаған әкімдік қызметкері 600 мың теңгеден астам айыппұл төлейді

  • 301
  • UPD: 19:53, 11.08.2020
Петропавлда маска тақпаған әкімдік қызметкері 600 мың теңгеден астам айыппұл төлейді

Маска тақпаған мемлекеттік қызметкер 638 940 теңге айыппұл төлейтін болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Петропавлда санитарлық-эпидемиологиялық талапты сақтамаған шенеунікке әкімшілік кодекстің 425 бабына сәйкес 230 АЕК көлемінде айыппұл салынды. Қалалық әкімдіктің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімінің сектор меңгерушісі карантин кезінде қала ішіндегі қоғамдық көліктерде рейд ұйымдастырып,  тәртіптің орындалуын тексерген. Бірақ өзгені тәртіпке шақырып жүріп, өзі бетпердесіз жүрген. Оның бұл қылығы әлеуметтік желіде қызу талқыланып, қоғамдық резонанс тудырды. Енді ол мемлекетке, жаңа айтып кеттік, шамамен 640 мың теңге төлейді. Жалпы өңірде 5 шілдеден бері 283 адамға әкімшілік хататама толтырылған. Айыппұлдың жалпы көлемі 17 миллион теңгеден асады. 

Самат Барменбаев, облыстық тауарлар және қызметтер сапасын бақылау департаментінің бөлім басшысы:

– Бүгінде бұл әкімшілік іс қарастырылды. Бұзушылық жасаған лауазымды тұлға өз фактісін мойындады. Айыппұл төлеуге келісімін берді. Бір апта ішінде төлесе, штрафтың сомасы 50 пайызға қысқартылады.

 

Хабар 24 телеарнасы