429,37 504,00 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қызылорда облысында тұз өндірушілер провизорлық орталыққа қол ұшын созды

  • 294
  • UPD: 21:00, 11.08.2020

Осы бір қысылтаяң шақта дертпен ел болып күресіп келеміз. Айталық, аралдық тұз өндірушілер провизорлық орталықты толықтай медициналық жабдықтармен қамтамасыз етті, деп хабарлайды «Хабар 24».

50 миллион теңгенің құрылғылары мен жиһаздардың алғашқы легі бүгін аймаққа жеткізілді.

Арал ауданы бойынша коронавирусты 129 адам жұқтырды. Бүгінде олардың барлығы толық жазылып шықты. Өткен айда өкпесі қабынғандар да аз болған жоқ.

Марат Ршымбетов, Арал аудандық ауруханасының бас дәрігері:

– Көне, баяғы роддомды осыған байланысты іске қостық. Көп қиыншылық болды. Бәрін жеңіп, қазір жұмысты аяқтай бастадық. Күзде екінші толқыны болады деп айтып жатыр ғой.

Індет өршіген сәтте медициналық жабдықтардың жетіспеушілігі анық байқалды. Осыны ескерген аудандағы тұз өндіруші кәсіпорын провизорлық орталықтың барлық қажеттілігін өтеуге қолдау көрсетті

Айдынбек Тауасаров, тұз өндіру кәсіпорнының президенті:

– Республикадағы эпидемиологиялық жағдай бүкіл денсаулық сақтау жүйесі үшін үлкен сынаққа айналды. Азаматтарымыздың адамгершілік қасиеттері осындай кезде байқалады. Бір топ компания болып бұл жағдайға немқұрайлы қарай алмадық. Компанияның жеке бюджетінен 50 млн теңге ақшалай қаражат бөлінді. Арал ауданының провизорлық стагциясының қажіттіліктерін анықтап, керекті медициналық жабдықтар мен материалдар сатып алу туралы шешім қабылданды.

Қарапайым дене қызуын өлшейтін құралдан бастап жедел жәрдем автокөліктеріне дейін берілді.

Мұхтар Оразбаев, Арал ауданының әкімі:

– Оның ішінде 2 жедел жәрдем автокөлігі. 23 өкпені желдету аппараты. 200 кереует, 200 матрас, 200 жастық және 400 жаймамен қамтамассыз етті. Одан бөлек, көпреттік 200 қорғаныс киімі, көзілдірік, бетперделерімен және дене қызуын өлшейтін құралдар. Бүгін алғашқы көмек Алматы қаласынан келіп жатыр.

Бүгінде жедел жәрдем шақыртулары 3 есе азайып, ауданда эпидахуал тұрақталған. Бір қуантарлығы, шалғай ауылдарда вирус жұқтыру жағдайы тіркелмеген. Дегенмен карантин талаптары қатаң қадағалануда, дейді мамандар.

Авторлары: Нұрлан Жақыпбеков, Әлхайдар Тұрлызанов  

Хабар 24 телеарнасы