428,02 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыда белсенділер мен блогерлер қан тапсырды   

  • 256
  • UPD: 19:54, 11.08.2020
Алматыда белсенділер мен блогерлер қан тапсырды   

«Науқастарға үміт сыйла». Бүгін Алматыда блогерлер мен белсенділер донор ретінде қан тапсырды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мұндағы мақсат – науқастарға көмек беру әрі донорлықты халық арасында кеңінен насихаттау. Мамандар вакцина болмаған кезде қан құю арқылы қатерлі індетті жұқтырғандарды емдеп шығуға болатынын жиі айтады. Алайда кез келген адамның қан тапсыра алмайтыны тағы белгілі.  Тек денсаулығы мықты, өзін өте жақсы сезінетіндер қан тапсыра алады. Донордың жасы 18-ге толған, салмағы кемінде 50 келі болуы шарт.    

Жандос Надыров, қалалық қан орталығының директоры:

– Біздің мақсатымыз, қалада коронавируспен ауырған донорлардың плазмасын жинау. Сол үшін біз осы іс-шараларды жүргізіп отырмыз. Енді иммунды плазма доноры болу үшін адам коронавируспен ауыруы керек. Жазылған соң 14 күн өту керек. 14 күннен кейінтексереміз. Бізге келгенде, ағзасында антидене болуы керек. Сол кезде ғана біз ол адамнан плазмасын ала аламыз.

 

Хабар 24 телеарнасы