426,32 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтауда әуесқой сүңгуірлер теңіз түбін қоқыстан тазартты    

  • 185
Ақтауда әуесқой сүңгуірлер теңіз түбін қоқыстан тазартты    

Ақтаулық әуесқой сүңгуірлер Каспий теңізінің түбін күл-қоқыстан тазартты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Алғаш рет ұйымдастырылған бұл іс-шара 12 тамыз Каспий күніне арналып отыр. Бүгін дайверлер қолына суасты аңшы құралының орнына полиэтилен қапшық ұстап, суға сүңгіді. Осылайша таңсәріден түске дейін бірнеше тонна тұрмыстық қалдықты жағаға шығарды. Жағалау түбін қоқыстан тазарту 4-ші және 15-ші шағын аудандар аралығын қамтыды. Ұзындығы бес шақырымдай жағажай астынан алынған қалдықтар енді арнайы полигонда өртеледі. Айта кетейік, 12 тамыз Каспийдің биологиялық алуантүрлілігін қорғау күні болып белгіленген.

Шамиль Темірханұлы, «Маңғыстау суасты аңшылығы федерациясының» өкілі:

– Биыл рет бірінші рет өтіп тұрған бұл іс-шараға жиырмаға жуық әуесқой сүңгуір қатысты. Күткеніміздей, теңіз түбінен жиналып алынған қоқыс аз болмады. Дені көлік дөңгелектері, пластик бұйымдар. Олардың теңізді мекендеушілерге аса қатерлі екенін түсінікті. Тұрмыстық қалдықтар жағалаудан лақтырылуы және кемелерден де тасталуы мүмкін. Жиналып алынған күл-қоқысты полигонға апарып өртейміз. Бұл іс-шараны енді жыл сайын өткізуді жоспарлап отырмыз.

 

Хабар 24 телеарнасы