430,51 507,70 5.56
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ШҚО-да браконьерлерге қатысты 95 іс сотқа жолданды

  • 252
  • UPD: 22:09, 11.08.2020

Шығыс Қазақстанда заңсыз балық аулаған браконьерлерге қатысты 95 іс қозғалды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Дені су айдындарын пайдалану ережесін өрескел бұзған. Балық шаруашылығымен айналысатын мекемелердің арасында да салалық талап-ережелерді ескермейтіндері бар. 

Биыл Шығыс Қазақстан облысының су айдындарына 1 мың 300-ден астам рейд жүргізілді. Нәтижесінде балық аулау заңын бұзғандардан 4 мың тонна су маржаны тәркіленіп, 95 іс сотқа жолданды.

Фархат Байбазаров, ШҚО бойынша орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі әлемі инспекциясының бөлім басшысы:

– Қазіргі таңда 577 құқықбұзушылық анықталған. 577 тұлға жауапкершілікке тартылып отыр. Салынған айыппұл көлемі 10 млн теңге. 8 млн төленді. Және тағы заңсыз ауланған 4 тонна балық бар.

Браконьерлер көбіне тыйым салынған құралдарды қолданады. Моторлы қайықтары да жаңа, көз ілеспес жылдамдықпен жүреді. Қорықшылардан тез арада із суытып үлгереді. Соған қарамастан, табиғат қорғаушылар заңға қайшы әрекеттермен барынша күресіп келеді. Жыл басынан бері 20 моторлы қайық пен 1 мың 352 дана аулау құралын мемлекет меншігіне тапсырған.

Елжан Әлешов, қорықшылық қызметінің басшысы:

– Браконьерлердің қайықтары мықты. Кезігіп, ұсталып жатады. Ұсталар кезде қарсылық болады. Мысалы, Зайсан көлінде бір азамат қарсылық көрсетіп, біз әкімшілік хаттама толтырып, құзырлы органдарға жібердік. Шешімді солар қабылдайды.

Еске салайық, жергілікті шаруашылықтар үшін жылына 3 миллион 805 мың тонна көлемінде балық аулауға рұқсат. Қазірдің өзінде бұл лимит аяқталуға жақын. Бұдан кейін кәсіпорындар су айдындарын майда шабақтармен толықтыруы тиіс.

Авторлары: Рауан Мыңбаев

 

Хабар 24 телеарнасы