428,02 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


СҚО-да «Еңбек» бағдарламасымен 300-ден астам жоба жүзеге асты

  • 261
  • UPD: 09:27, 12.08.2020

Солтүстік Қазақстан облысында «Еңбек» бағдарламасы бойынша 300 ден астам жоба жүзеге асты, хабарлайды «Хабар 24».

Ауылдағы ағайын негізінен мал және өсімдік шаруашылығына, сонымен қатар қызмет көрсету мен қайта өңдеу салаларына несие алып, кәсіптерін дөңгелетті. Табыстың кілтін тапқан іскер азаматтармен аймақтағы арна тілшісі Айдарбек Айтмұхамбетұлы тілдесіп қайтты.

Айдарбек Айтмұхамбетұлы, тілші:

- Бақыт Сейілованың ісмерлігі іскерлікке ұласып жатыр. Бастапқыда шағын ғана орында киім тігетін ол қазір өз алдына екі қабатты ғимарат салып алды. «Еңбек» бағдарламасымен несие рәсімдеп, кәсібін кеңейтті. Енді жерлестерін де жұмыспен қамтып отыр.

Қайыржан Көшкенбаева, тігінші:

- Біреуінің шалбарын қысқартамыз. Екіншінің жыртығын жамаймыз. Үшіншісіне кәдімгідей көйлек пішіп тігемін. Мен көйлек пішіп тігудің мастерімін. Өзі жақсы тігемін. Өйткені өзіме өзім тігіп келдім.

«Еңбек» бағдарламасы бойынша кәсіптің көзін тапқан тағы бір адам – Кеңес Көкеев. Ол ауылдан аудан орталығы Бескөлге көшіп келіп, жылқы шаруашылығын қолға алды. Қазір 30 бие байлап, қысы-жазы қымыз баптайды.

Кеңес Көкеев, кәсіпкер:

- Тиімділігі – 6% береді. Әрі 5 жыл. Каникулы бар бір жарым жылға. Біз кейде каникулды жарты-ақ жыл пайдаланымыз да, төлеу бере аламыз. Неге десеңіз, ақша түсіп тұрады. Түсім. Оны ертерек төлеп тастаған жақсы ғой.

Бұл жобалар ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры арқылы іске асты. Биыл Солтүстік Қазақстан облысына «Еңбек» бағдарламасы бойынша 2,6 млрд теңге бөлінген. Оның тең жартысы игерілді.

Былай Нұркенов, «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ СҚОФ директоры:

- Осы бағдарлама бойынша жеңілдік мерзімі де қарастырылған. 3 бөлігінің бір бөлігі жеңілдетілген. Барлық несие 6%-тен беріледі. Биылдан бастап 4%-пен беретін мүмкіндік бар. Ол көп балалы балалы, аз қамтылған отбасылар.

Кәсіпкерліктің дамуы – елді мекендерде жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді. Биыл осындай жобалар арқылы 400 адам еңбекпен қамтылды.

Авторлары: Айдарбек Айтмұхамбетұлы, Руслан Әлиев

Хабар 24 телеарнасы