427,91 501,70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қызылордада бірнеше пәтерді тонаған күдікті ұсталды

  • 362
  • UPD: 09:45, 12.08.2020
Қызылордада бірнеше пәтерді тонаған күдікті ұсталды

Қызылордада қалалық Полиция басқармасының қызметкерлері бір айдың ішінде бірнеше пәтер ұрлығын жасаған, бұрын сотты болған 34 жастағы күдіктіні қолға түсірді, деп хабарлайды Polisia.kz.

Күдікті үй иелері болмаған уақытта аулаларына кіріп, үй ішіндегі бағалы заттар мен велосипедтерді қолды қылған. Тексеру барысында күдіктінің облыс орталығында жасалған басқа да алты қылмысқа қатысы бар екендігі анықталып, айғақ заттар тәркіленді.

Қазіргі уақытта күдікті уақытша қамау изоляторына қамалды. Барлық фактілер бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабының 2-бөлігі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Хабар 24 телеарнасы