420.79 509.00 5.65
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақмола облысында үйі өртеніп кеткен отбасыға үш бөлмелі жаңа пәтер берілді

  • 331
  • UPD: 11:05, 12.08.2020
Ақмола облысында үйі өртеніп кеткен отбасыға үш бөлмелі жаңа пәтер берілді

Атбасар ауданының Хрящевка ауылында өрттен зардап шеккен отбасыға Атбасар қаласынан үш бөлмелі жаңа пәтердің кілті тапсырылды.

Бұл туралы аудан әкімінің орынбасары Абай Бекбаев айтты, деп хабарлады ҚазАқпарат.

Оның айтуынша, жаңа пәтердің кілтін аудан әкімі Аманбек Қалжанов тапсырды. Пәтер кәсіпкерлер мен тұрғындардан жиналған ақшаға сатып алынған. Қажетті ақшаның басым бөлігі жергілікті кәсіпкерлердің, ал қалғаны облыс және аудан тұрғындарының есебінен жиналды. Барлығы 17 миллион теңге ақша жиналған.

«Біз зардап шеккен бұл отбасының жағдайын бірден бақылауға алдық. Жерлеу рәсімін ұйымдастыруға көмектестік, қажетті медициналық қызмет, психолог көмегін ұсындық. Кәсіпкерлер бірлесіп баспана мәселесін шешуді қолға алды. Жиналған ақшаның бір бөлігіне пәтер сатып алдық, ал қалғанын түгел аталмыш отбасыға тапсырдық. Аудан тұрғындары атынан қиын сәтте қол ұшын созған адамдардың барлығына алғыс айтамын», - деді А.Қалжанов.

Өз кезегінде зардап шеккен отбасының мүшелері кәсіпкерлер мен тұрғындарға баспанамен қамтамасыз етіп, материалдық көмек көрсеткені үшін алғыс білдірді.

Айта кетейік, 29 шілдеде Атбасар ауданының Хрящевка ауылындағы жеке үйде өрт шығып, 3 бала көз жұмған болатын.

Хабар 24 телеарнасы