422.87 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақтөбе облысы бойынша Сенат сайлауының нәтижесі 3-4 сағаттан кейін белгілі болады

  • 216
  • UPD: 13:17, 12.08.2020

Елімізде Парламент Сенатына сайлау басталды, хабарлайды «Хабар 24».

Дәл осы уақытта аймақтардағы учаскелердің есігі ашылып, алғашқы сайлаушыларды қабылдап жатыр. Еліміздің заңнамасына сәйкес Парламенттің жоғарғы палатасы мандатына үміткерлерді өңірлердегі мәслихат депутаттары таңдайды. Арнамыздың Ақтөбе облысындағы тілшісі Мансұр Есқожин қазір студиямен тікелей байланыста.

Мансұр Есқожин, тілші:

- Өздеріңіз байқап тұрғаныңыздай, сайлау енді ғана басталды. Алғашқы сайлаушылар жасырын дауыс беру орнына бет алды. Айта кету керек, Ақтөбе облысы мәслихаттарында қазір 186 депутат бар. Олардың 5-еуі түрлі себептермен бүгінгі сайлауға қатыса алмаған. Қалғандарының барлығы осы жерде. Парламенттің жоғарғы палатасына Ақтөбеден аттанатын азаматты анықтайды.

Санитарлық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін барлық жағдай жасалғанын біз де байқап тұрмыз. Жасырын таңдау жасау үшін орнатылған кабиналардың есіктері әдеттегідей жабық емес. Және төбесі де ашық. Ұйымдастырушылар әрбір депутатқа қаламдарын алдын ала таратқан. Әлсін-әлсін ғимарат іші дезинфекциялануда. Жеке қорғаныш құралдары да міндетті.

Сайлауға келер болсақ, Ақтөбе облысынан алғашында 6 үміткер түскен. Олардың біреуі артынша өзі бас тартса, үшеуінің құжаттары түгел болмай шықты. Мәслихат депутаттары екі үміткер арасында таңдау жасайды. Сайлаудың Ақтөбе облысы бойынша нәтижесі шамамен 3-4 сағаттан кейін белгілі болады.

Хабар 24 телеарнасы