424,85 498,70 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қарағандыда карантин тәртібін бұзған сауналар анықталды

  • 228
  • UPD: 13:36, 12.08.2020
Қарағандыда карантин тәртібін бұзған сауналар анықталды

Қарағандының кейбір көңіл көтеру орталықтары салынған тыйымға қарамастан, түнгі уақытта жұмыс істеп келген, хабарлайды «Хабар 24».

Қалада тек бірер сағаттың ішінде карантин талабын сақтамай, клиенттерді қабылдаған екі SPA-салон мен бір сауна анықталды. Олар көрсеткен қызметі үшін 7 мың теңгеден бастап 25 мың теңгеге дейін ақы алып отырған.

Арнайы рейд барысында анықталған істің барлығы сотқа жолданды. Енді тыйымға қарамай жұмыс істеген орталықтың өкілдеріне 600 мың теңге көлемінде айыппұл салынады. Жалпы полицейлер «қарапайым тұрғындар арасында да карантин шараларын сақтамайтын жағдайлар көп кездеседі», дейді.

Ерлан Ақылбеков, қалалық ПБ басшысының бірінші орынбасары:

- Карантиндік шаралар бойынша жұмыс жалғасуда. Қанша айтсақ та, талапты сақтамайды. Ол ас беру, туған күн сияқты шаралар, дүкендерде де кемшіліктер бар. Антисептиксіз жұмыс істейді, маска жоқ, сондай кемшіліктер бар. Оларға шара қолданып, айыппұл салып жатырмыз.

Хабар 24 телеарнасы