423,09 498,90 5.57
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтөбелік полиция инспекторлары Skype қосымшасын қолдана бастады

  • 202
  • UPD: 13:51, 12.08.2020
Ақтөбелік полиция инспекторлары Skype қосымшасын қолдана бастады

Ақтөбелік полиция инспекторлары Skype мобильді қосымшасын қолдана бастады, хабарлайды «Хабар 24».

Енді жол бойында қызмет атқаратын тәртіп сақшысы әр сағат сайын полицияның кезекші бөлімімен тікелей бейне байланысқа шығып, жағдайды толық баяндай алады. Мәселен, көлік қозғалысының қарқыны, жүріске кедергі келтіретін жайттар, қауіпті саналатын жол учаскелері, ауа райының құбылысы туралы ақпарат бере алады. Нәтижесінде жедел шара қолдануға мүмкіндік туды. Skype қосымшасы 100-ден астам инспектордың ұялы телефонына жүктелген.

Айдос Құлжанов, облыстық пд жпқ бастығының орынбасары:

- Жол-көлік оқиғалары болған кезде ақпаратты онлайн режимде беру тәсілі қазіргі уақытта оң шешімін тауып отыр және де бұл бізге ауқымды, толық көлемде жолда болып жатқан оқиғаларды бағалауға, облыс орталығынан 400-500 шақырымда орналасқан жол оқиғаларына арнайы шешім қабылдауға көптен-көп көмегін тигізіп отыр.

Хабар 24 телеарнасы