423.81 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Орталық клиникалық госпитальден COVID-19 жұқтырған соңғы науқас жазылып шықты

  • 249
  • UPD: 14:13, 12.08.2020
Орталық клиникалық госпитальден COVID-19 жұқтырған соңғы науқас жазылып шықты

Бүгін ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне қарасты Отан соғысы мүгедектеріне арналған орталық клиникалық госпитальден коронавирус жұқтырған соңғы науқас жазылып шықты, деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.

Айта кетейік, 24-ші маусымда министрліктің бұйрығымен аталған госпиталь провизорлық стационар ретінде қайта бейінделген болатын. Содан бері COVID-19 белгілерінің бар жоғын анықтап, індетке шалдыққан науқастарға толыққанды ем жасап келді.

Госпитальге 7 аптаның ішінде COVID-19 жұқтырды деген күдікпен 730 науқас келіп түсті. Солардың арасында 335 адамнан вирус анықталып басқа стационарларға ауыстырылды. Қалған науқастардың барлығы аурудан айығып үйлеріне аман-есен жетті. Қуаныштысы, бұл мекемеде өлім-жітім оқиғасы тіркелген жоқ. Науқастардың жас айырмашылығы 18 бен 90.  

Бүгін медициналық қызметкерлер соңғы науқасты салтанатты түрде шығарып салды. Көжеков Кенжетай Дүйсенбайұлы 68 жаста. Аурудан құлан таза айығып шыққан қария өзін өлімнен арашалаған қызметкерлерге шын жүректен алғысын айтып қоштасты.

«Біз 50 күн бойы тәуліктеп тоқтамай жұмыс істедік. Әсіресе, алғашқы кезеңдері қиын болды. Себебі, коронавирустық инфекциямен күресте бұрын тәжірибе болмаған. Орталық қызметкерлері жағдайы нашар науқастармен және байыппен қарауды қажет ететін қариялармен жұмыс істеп тәжірибе жинақтаған. Сол қызмет барысындағы жинаған тәжірибеміз септігін тигізді деп айта аламын. Біздің орталық мамандары аз уақыттың ішінде вирусқа қарсы күресте өте көп дүние үйренді», - деді госпиталь директоры Динара Оразалина.

Хабар 24 телеарнасы