420.79 509.00 5.65
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Жамбыл облысында гуманитарлық көмектің таратылуы қатаң бақылауда

  • 274
  • UPD: 19:38, 12.08.2020
Жамбыл облысында гуманитарлық көмектің таратылуы қатаң бақылауда

Жамбыл облысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері шетелден келген гуманитарлық көмекті бөлу және таратылуын қатаң бақылауда ұстап отыр.

Бүгін мониторингтік топ мүшелері қоғам белсенділерімен бірлесіп Польшадан келген мыңға тарта препараттың тасымалын қоймадан бастап, облыстық инфекциялық ауруханаға дейін қадағалады. Бұл шара дәрі-дәрмектердің талан-таражға түспеуін қадағалап, емделушілерге нақты әрі дер кезінде жеткізуді көздейді. Бұл гормональді және қабынуға қарсы препараттар коронавирус жұқтырғандарды емдеуге аса қажет. Бір қуанарлығы, қазір қауіпті індет жұқтырып түсетін адам саны 10 есеге дейін азайған. Дәрі қоры да жеткілікті. Қазір ауруханада 160 адам ем қабылдап жатыр.

Равиль Төлебаев, ҚР СЖҚҚА ЖОБ департамент басшысының бірінші орынбасары:

- Тоқтаңыз! 500. Енді үш қой ана жерде. 503 пачка. Польша елінен келген. Тегін берілетін дәрілер ғой? Тегін беріледі. Енді бұған агенттіктің не қатысы бар? Не себепті араласып жатыр агенттік? Дәрі-дәрмектің жетіспеушілігі, бағасының өсуі, белгіленбеген жерде сатылу мәселесін қоғамдық бақылаумен бірге біздің мемлекеттік орган, денсаулық сақтау басқармасы, тағы да басқа құқық қорғау органдары осы бақылау жұмыстарын жүргізіп жатыр. 

Айгүл Айтбаева, облыстық көп салалы балалар ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары:

- Бізде мұндай дәрілер бар ма еді алдында? Бізде осы топтың басқа атауымен, басқа фирмамен бірақ толық қамтылған. Барлық дәрі бар. Именно антивирусный да, и дексаметазон да бізде бар. Дәрі-дәрмек еш уақытта артық болмайды. Жартылай жабылсақ та, жартылай істесек те Жамбыл облысында соңғы ауру қалғанға дейін біз жұмыс істейміз. Сондықтан бұл індеттен құтылғанша любой көмек бізге керек.

Хабар 24 телеарнасы