423,41 498,70 5.56
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстан Ресей вакцинасын сатып алудан айнып қалды

  • 380
  • UPD: 20:37, 12.08.2020

Қазақстан ресейлік вакцинаны әзірге сатып алмайды. Өйткені екпе клиникалық зерттеулерден әлі өткен жоқ.

Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов мәлімдеді.

Айтуынша, бұл тақырыпты талқылау ерте. Себебі індетке қарсы вакциналар ең алдымен халықаралық сертификаттаудан өтуі тиіс. Тек содан кейін ғана оны әзірлеген ел мен зертхананың атауы белгілі болады. Әзірге Қазақстан ешбір елмен вакцина сатып алу туралы шарт жасасқан жоқ.

Бағдат Қожахметов, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі: 

- Қазіргі уақытта жер жүзінде бір де бір лаборатория халықаралық шарттарға сәйкес келетін вакцинаны әлі ойлап таппады. Ең алдыңғы қатардағы лабораториялар қазіргі уақытта үш клиникалық фазасынан енді өтіп жатыр. Төрт фазасы бар оның. Ол фазадан өткеннен кейін ғана ол вакцинаны халықаралық сертификациядан өтуге жетеді. Одан кейін ғана оларды елдерге тарату мүмкін. Қазір әлі өте ерте вакцина алу туралы әңгімені қозғау.

Хабар 24 телеарнасы