432,01 515.14 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Семейде дәрі-дәрмек қоры жеткілікті

  • 370
  • UPD: 19:40, 12.08.2020
Семейде дәрі-дәрмек қоры жеткілікті

Семейде дәрі-дәрмек жеткілікті, баға тұрақты. Бұған дәріханаларды аралап, жағдайды бақылап қайтқан арнайы мониторингтік топ көз жеткізді.

Осыған дейін маусым, шілде айларында қауіпті індет өршіген тұста ыстықты түсіретін, вирусқа қарсы дәрілердің көзден бұл-бұл ұшқаны белігілі. Барының бағасы шарықтап кеткен. Тіпті парацетамол, аспирин секілді көп қолданылатын препараттар да тапшы болды. Қазір қаладағы 180-ге жуық дәріханаға күнделікті қажетті дәрі-дәрмек көлемі жеткізіліп отыр. Ең бастысы бағаға бақылау күшейген. 

Гүлбану Тұрыбаева, дәріхана иесі:

- Дәрі қоры, бәрі жеткілікті қазір. Бұрынғыдай емес, міне жаңа ғана маған қыздар кіріп шықты, мынандай түсті, анандай түсті деп. Содан кейін санына қарай бөліп, бөліп береміз. Шекті баға дегенді көрсетті ғой бізге, қазір оған біз 1 теңге де көбейтпейміз, сол шекті баға бойынша сатамыз. 

Берік Тлебалдин, қаланың бас санитарлық дәрігері:

- Халықтың сұранысы өз дәрежесінде орындалуда. Барлық дәріханаларда қажетті дәрілер бүгінгі таңда бар. Ол антибиотиктер болсын, вирусқа қарсы препараттар және басқа ауруларға қарсы дәрі дәрмектің толық тізіміне сәйкес қазір халыққа қажетті керек деңгейде босатылып жатыр. Және де олардың бағасын да көріп тұрсыздар, сол кезде біраз аздаған қымбатшылық та болып, алыпсатарлар да болды, 2-3 есеге дейін қымбат сатқан жағдайлар да болды. Қазір міне керек-керек дәрілердің өзі бұрынғы деңгейге түсіп келеді.

Хабар 24 телеарнасы