425.05 509.00 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматы облысының бас санитар дәрігеріне қатысты қызметтік тексеру жүргізіледі

  • 253
  • UPD: 18:06, 13.08.2020
Алматы облысының бас санитар дәрігеріне қатысты қызметтік тексеру жүргізіледі

Алматы облысының бас санитарлық дәрігеріне қатысты қызметтік тексеру жүргізіледі.

Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің telegram парақшасында хабарланды.

«Ерғали Сыдыманов арыз-шағым айтып келген талдықорғандық кәсіпкерлермен кездесу кезінде дөрекелі сөйлеген. Бейнежазба әлеуметтік желіде желден де жылдам тарап, қоғамның қызу талқысына түсті. Бұл жағдайға денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айрықша назар аударды. Ол Алматы облысы бас санитарының халық алдындағы құрметсіз қылығын мемлекеттік қызметшіге тән емес деп бағалады. Осыған байланысты Ерғали Сыдымыновқа қатысты қызметтік тексеру жүргізуді бастауды тапсырды. Мәселенің ақ-қарасы анықталып, нақты бағасы берілген соң оның нәтижелері туралы Денсаулық сақтау министрлігінің медиа-орталығы ресми сайтта және әлеуметтік желілерде жариялайды», - делінген хабарламада.

Хабар 24 телеарнасы