423,41 498,70 5.56
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Түркістан облысында ауыл шаруашылығымен айналысатын кәсіпкерлерге қолдау көрсетілуде

  • 210
  • UPD: 17:42, 13.08.2020
Түркістан облысында ауыл шаруашылығымен айналысатын кәсіпкерлерге қолдау көрсетілуде Inbusiness.kz

«Егістіктен  сөреге дейін». Бұл – Түркістан облысындағы ауыл шаруашылығы өнімін өндіретін кәсіпкерлерді қолдауға арналған пилоттық жоба, деп хабарлайды «Хабар 24».

Шаруаларды қаржыландыруға биыл 1 млрд теңге бөлінген. Несие кепілге қойылған заттың көлеміне қарай 1 млн-нан 300 млн теңгеге дейін беріледі. Рәсімдеу мерзімі 10 күннен аспайды. Шаруаларға жобаның шартын түсіндіріп, құжат жинаумен «Түркістан» Әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы айналысады. Салада түйткілді мәселелер де жоқ емес. Дайын өнімді сатуға келгенде кедергілер көп. Оны өткізетін тұрақты жүйе де жоқ.

Нұрбол Бекмұратов, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары:

Мұның тиімділігі ұсақ өндірушілерге қолдау. Бұрын өндірген өнімін сауда желілерінде сатуға мүмкіндігі болмаса, яғни 1-2 тонна ғана өнім алса, ал бұл жобаның басымдылығы осыған қатысу арқылы шаруалар өз өнімін жинап, тікелей осы сауда желілеріне сатуға мүмкіндік береді. Қайтару мерзімі 2020 жылдың 1 қарашасы. Қайтарғаннан кейін келесі жылы қаңтардан қайтадан алуға болады.

Хабар 24 телеарнасы