432,64 506,00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтауда көпқабатты тұрғын үйлер түрлі түске боялуда

  • 361
  • UPD: 18:24, 13.08.2020
Ақтауда көпқабатты тұрғын үйлер түрлі түске боялуда

Ақтауда көпқабатты тұрғын үйлердің қабырғаларын жаппай бояу жұмыстары басталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жалпы, 25 шағын аудан бойынша 177 үйдің қасбетін сырлау жоспарланған. Әзірге 66 көпқабатты үй түрлі түске енді. Бұл жұмыстарға қарапайым жұмысшылардан өзге альпинистер де жұмылдырылған. Теңіз жағалауы бойындағы үйлердің сырты көгілдір түске боялып жатыр. Тұрғын үйдің төбесіндегі шамшырақ та әрленді. Бұл – әлемдегі көпқабатты үйде орналасқан жалғыз маяк. 

Айбек Ербөлеков, қалалық ткш бөлімі коммуналдық сектор меңгерушісі:

– Сырлау жұмыстары қыркүйек айының соңына дейін жоспарланған. Аталған жұмыстар қаланың келбетін жаңарту, абаттандыру, қала тұрғындары мен қонақтарына әдемі келбет келтіру мақсатында жұмыстар жүргізіліп жатыр. «Жұмыспен қамту картасы» аясында аталған жұмысқа 55 адам алынды.

Хабар 24 телеарнасы