423.81 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Жамбыл өңірі жаңа оқу жылына дайын ба

  • 350
Жамбыл өңірі жаңа оқу жылына дайын ба

Жамбыл облысында жаңа оқу жылында шалғай ауылдарда орналасқан шағын мектептер мен оқушы саны 100-ден аспайтын білім ошақтары дәстүрлі түрде жұмыс істейді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Өңірде мұндай 167 білім ордасы бар. Ал қалған  мектептерде оқитын 215 оқушы онлайн форматта қашықтан білім алады. Сонымен қатар жұмыс істейтін ата-аналардың балалары үшін 1 мен 4 аралығында кезекші сыныптар ұйымдастырылады. Қашықтан оқытуды қамтамасыз ету үшін 30 мыңнан астам компьютер сатып алынбақ. Алайда оқу процесіне интернет кедергі болуы мүмкін. Аймақта қазір 123 мектепте интернет жоқ.

Бердібек Сапарбаев, облыс әкімі:

– Онда 19 мыңға жуық балалар оқиды. Біз енді жұмыс істеп жатырмыз. Келісімдеріміз бар. Сол мектептерде уақытша интернетпен қамтамасыз ету. Сондай-ақ 23 мың баланы роутер модемменен қамтамасыз етеміз.

Хабар 24 телеарнасы