426,32 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ШҚО-да әлеуметтік нысандар жөнделіп жатыр

  • 209
  • UPD: 17:39, 13.08.2020
ШҚО-да әлеуметтік нысандар жөнделіп жатыр

Шығыс Қазақстан облысының Тарбағатай ауданы, Тұғыл ауылында 40 жылдан бері назардан тыс қалып келген әлеуметтік нысандар күрделі жөндеуден өтіп жатыр, деп хабарлайды «Хабар».

Шоқан Уәлиханов атындағы орта мектептің терезесі мен шатырын ауыстырып, іргесін бекітуге қазынадан 257 миллион теңге бөлінген. Балабақшада да осындай жұмыстар атқарылған. Орталық стадион қайта түлеп, заманауи жасанды жабылғы төселді.  Ауылдың орталық көшелері де асфальтталып, шамдар орнатылды. Енді Мәдениет Үйін қайта жаңғырту көзделіп отыр.

Есімхан Мұхамедрахимов, Тұғыл ауылының тұрғыны:

– Міне, қазір мектеп, ауруханада, балабақшада біздің осы жігіттер жұмыс істеп жатыр. Енді көңіліміз толып тұр. Жастар да кетпейді ғой. Қазір енді су бар, газ келсе енді қаладан ешқандай айырмашылығы жоқ.

Қанат Свенов, Тұғыл ауылдық округі әкімінің м.а:

– Учаскелік аурухана  іске қосылса, провизорлық орталық ашылса деп қаржы қарастырып, жұмыстар жүргізілуде. Ауыз су тарту бойынша да. Қуантарлық жағдай, өмірі бұл өңірде ауылымызда болмаған ғой спорт кешені. Соған жоба жасалды.

Хабар 24 телеарнасы