429,33 519.25 5.73
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Маңғыстау облысында 20 миллион теңгеден астам мемлекет қаржысы үнемделді

  • 255
  • UPD: 17:57, 13.08.2020
Маңғыстау облысында 20 миллион теңгеден астам мемлекет қаржысы үнемделді

Жаңаөзенде қалалық білім бөлімі бас есепшісінің өз міндетіне салғырт қарауы мемлекетті 20 млн-нан астам теңгеге шығынға батыра жаздады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жауапсыздығы үшін мемлекеттік қызметшіге қатаң сөгіс берілді. Белгілі болғанындай, құзырлы орган орта білім беру нысандары қатысқан мемлекеттік сатып алуларға талдау жүргізген. Оның барысында, бір мектепке 14 ноутбук сатып алу үшін қажет сома порталда 23 млн 333 мың теңге деп көрсетілген. Яғни, бір портативті компьютер құны нарықтағы бағадан 10 есе артық боп шыққан. Ақырында, сұраныс кері қайтарылды.
Ерлан Сисеналиев, ҚР СЖҚІҚА департаментінің аға офицері:
– Жыл басынан бері аймақтағы барлық мектеп қашықтан оқытуға көшіріліп жатыр. Осыған сәйкес, облыстық білім басқармасы мен оның аудан-қаладағы бөлімдері ноутбуктар алу үшін мемлекеттік сатып алуларға қатысып жатыр. Талдау кезінде бір мектепке алынатын бір компьютер құны 1 млн 600 мың теңге деп көрсетілгені анықталды. Біздің араласуымызден бастапқы баға 178 мың болып өзгерді.

Хабар 24 телеарнасы