460,95 484,00 8,66
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Жыл басынан бері еліміздің порттары арқылы 3,4 млн тонна жүк тасымалданды

  • 407
  • UPD: 17:20, 13.08.2020
Жыл басынан бері еліміздің порттары арқылы 3,4 млн тонна жүк тасымалданды

Биылғы 7 айда еліміздің теңіз порттары арқылы 3,4 млн тонна жүк ауыстырып тиелді.

Бұл – өткен жылдың осы кезеңіндегі көрсеткішке тең, деп хабарлады ҚР ИИДМ баспасөз қызметі.

Теңіз порттарында жүк таситын автокөлік құралдарын ауыстырып тиеу көлемі 100% артты. Яғни, ол көрсеткіш өткен жылы көрсетілген уақыт кезеңінде 3 766  бірлік болса, биыл 7 540-ке жетті.

Сондай-ақ контейнерлерді ауыстырып тиеуде оң динамика байқалды. Бұл көрсеткіш 16% өсіп, 17 079 бірлікті құрады.

Отандық сауда флотымен осы кезеңде Каспий теңізіндегі порттар арасында 1,32 млн тонна жүк тасымалданды. Оның ішінде 7 910 контейнер Ақтау – Баку фидер желісінің үлесінде.

Биыл бірінші жартыжылдықтың қорытындысында ішкі су жолдары бойынша тасымалдау көлемі 845,1 мың тоннаны құрап, 2019 жылғы көрсеткіштен 65,8% өсті. Оның ішінде 138 мың тонна Ресей бағытында болды.

Шлюздерді күрделі жөндеу шеңберінде ауданы 6 610 м2 темір-бетон құрылымдарына жөндеу жүргізілді.

Хабар 24 телеарнасы