420.79 509.00 5.65
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

СҚО полицейлері жыл басынан бері 92 із-түзсіз жоғалған адамды тапты

  • 204
  • UPD: 17:39, 13.08.2020
СҚО полицейлері жыл басынан бері 92 із-түзсіз жоғалған адамды тапты

Солтүстік Қазақстан облысының полицейлері жыл басынан бері 92 із-түзсіз жоғалған адамды іздеп тапты, деп хабарлады Polisia.kz.

Полицейлердің айтуынша, жоғалғандардың басым бөлігін екі санаттағы адамдар құрайды: туған-туыстарына жөнін айтпай табыс табуға кететіндер және спирттік ішімдікке әуестігінен қаңғырып кететіндер.

Мысалы, 34 жастағы петропавлдықты криминалдық полиция қызметкерлері облыс аудандарының бірінен тапты. Оның жұмысқа орналасқан жерінде байланыс болмағандықтан анасына қоңырау соға алмағандығы және қоңырауларға жауап бере алмағандығы белгілі болды. 27 жастағы Петропавл қаласының тұрғынымен де ұқсас оқиға орын алған, бірақ ол туыстарымен қарым-қатынасы ауыр болғандықтан қоңырауларына жауап бермеген. Полицейлер оны іздеуге бір аптадан артық уақыт жұмсаған.

Әр бесінші жағдайда тәртіп сақшылары жоғалғандарды мастардың ортасынан, әдетте таныстарының үйінен немесе жалдамалы пәтерлерден тауып жатады. Тағы бір 35 жастағы облыс орталығының тұрғынын патрульдік полиция қызметкерлері тапқан. Олар қала көшелерінен «Volkswagen» көлігін тоқтатып, масаң күйде көлік басқарғаны үшін жүргізушіге әкімшілік хаттама толтырған. Тексеріс барысында туыстарының оны бірнеше күн бойы іздеп жатқандығы анықталды.

2020 жылдың басынан бері СҚО-да із-түзсіз жоғалған 93 адам тіркелді, оның 17-сі алкогольдік ішімдікке бейім тұлғалар. Қазіргі уақытта із-түзсіз жоғалғандардың 92-сі табылды. Сонымен қатар өткен жылдары жоғалған адамдарды іздеу де тоқтатылған жоқ, бүгінгі күні олардың саны – 44.

Хабар 24 телеарнасы