429,59 501,70 5.61
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Оралда 30 мыңдай абонент сусыз қалды

  • 253
  • UPD: 17:58, 13.08.2020
Оралда 30 мыңдай абонент сусыз қалды

Оралда кәріздік сорғы стансасында болған апат салдарынан 30 мыңдай абонент сусыз қалды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оқиғадан станциядағы машина залы мен электр қондырғылары зардап шеккен. Коммуналдық кәсіпорын қолдан келгеннің бәрін жасағанымен, бүгін таңертең су беруді тоқтатуға тура келді. Қазір 2-ші база аумағы мен Нұрсұлтан Назарбаев даңғылына дейінгі және теміржол вокзалы ауданы мен Сарайшық көшелеріне дейінгі аумақ тұрғындары сусыз отыр.
Арман Кенжебаев, су жеткізуші компания басшысының орынбасары:
– Біз түнде суды айырмай кәріз суын сорғының көмегімен тартып шығарғымыз келген. Кәріз құбырындағы судың көлемі азайған кезде жөндеу жұмыстарын бастап кетуді жоспарладық. Бірақ судың көлемін азайту мүмкін болмаған соң таңертең қысымды төмендетіп, қаланың осы бөлігіне су беруді уақытша тоқтата тұру керек деп шештік.

Хабар 24 телеарнасы