426,32 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Петропавлда толассыз жауған жауын тұрғындарды әбігерге салды

  • 236
  • UPD: 18:50, 13.08.2020

Кешелі бері толассыз жауған жауын петропавлдықтарды әбігерге салды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Көпқабатты үйлердің аулаларын су басып, көшелер көлшікке айналды. Осыған байланысты шахарда коммуналдық қызметшілер күшейтілген жұмыс кестесіне көшті.
Бұл – Нұрсұлтан Назарбаев көшесінде орналасқан 280-ші үй. Жауын жауса болды аула мен жертөле суға толады. Себебі құрылысшылар жылу трассасын жөндеген кезде, су ағатын құбырды бекітіп тастаған.
Татьяна Лелюк, қала тұрғыны:
– Мен бұрындары осы үйде пәтер иесі кооперативінің төрайымы болдым. 1998 жылдардан бері осы мәселе жұртты алаңдатып отыр. Кешегі жаңбырдан соң су бесінші подъезге дейін жайылды. Тіпті, аяқ алып жүру мүмкін болмай қалды.
Иә, нөсер жауын көшелерді бір мезетте көлге айналдырып жіберді. Тіпті, көлікпен жүрудің өзін қиындап кетті. Осыған байланысты коммуналдық қызметшілер кешкі сағат бестен бастап, күшейтілген жұмыс кестесіне көшті. Соңғы бір тәулекте қала бойынша 700 шаршы метрден астам су сорылған. Шаруа әлі жалғасып жатыр.
Әсем Айтолла, қалалық ТҮКШ бөлімінің баспасөз хатшысы:
– Жалпы бізде қала бойынша 92 шақырымды құрайтын суағарлар бар. Оның 44-і ашық суағарлар, қалғаны жабық. Айта кету керек, кешегі күні бізде тазаланған суағарлардың көбінде тұрғындардың өздері қалдықтарды, пластик бөтелкелерді лақтырып отырған. Соның кесірінен суағарлар тұрып, қалып су өтпей қалды.
Синоптиктердің айтуы бойынша, мұндай ауа райы бірнеше күн болады. Ал өткен тәулікте Уәлиханов ауданында нөсер жауын құйып өтті. Мұнда айлық жауын-шашынның мөлшері бір күнде түскен.
Авторлары: Самат Қайырденұлы, Руслан Әлиев

Хабар 24 телеарнасы