427,91 501,70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Рухани жаңғыру» бағдарламасына бөлінген қаражат 2 есе азайды

  • 341
  • UPD: 18:50, 13.08.2020

«Рухани жаңғыру» бағдарламасына бөлінген қаражат көлемі өткен жылмен салыстырғанда екі есе азайды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар алаңында Ақпарат және қоғамдық даму министрінің орынбасары Болат Тілепов мәлімдеді. Оның айтуынша, 2020 жылға 277 миллион теңге көзделген. Ал былтыр бұл сома 531 миллион теңге болған. Меценаттар да бұл бағдарламадан шет қалмады. 12 мың қалталы азамат 3 жыл ішінде 270 млрд теңге көлемінде демеу көрсетті. Бұл қаржы есебінен 2 621 нысан бой көтерді. Оның ішінде мектеп, балабақша, мәдениет үйлері, спорт және балалар алаңдары бар.
Болат Тілепов, ҚР ақпарат және қоғамдық даму министрінің орынбасары:
– Бағдарлама 2017 жылы басталды. Өткен жылы сома 531 миллион теңгені құрады. Ол қоғамдық даму институтының ғылыми сараптамалық жұмысына кетті. Биыл 277 миллион теңгеден асады.

Хабар 24 телеарнасы