431,82 507,51 5.47
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Атырау облысында жаңа оқу жылына дайындық қалай

  • 223
  • UPD: 18:14, 13.08.2020
Атырау облысында жаңа оқу жылына дайындық қалай

Атырау облысындағы барлық мектеп 20 тамызға дейін оқулықпен қамтылады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ол үшін 19 баспамен 110 келісімшарт жасалыпты. Сондай-ақ, жаңа оқу жылында мұнайлы өңірдегі білім беру мекемелеріне 101 жас маман келеді деп жоспарланып отыр. Өңірде «Мектепке жол» акциясы биыл онлайн режимде жүргізіледі. Акция аясындағы көмек енді Аtamekenim.kz порталы ​рқылы жүзеге аспақ. Сонымен қатар, интернет желісі тартылмаған шағын аудандардағы жағдай да реттеледі деп жоспарланған. Қазіргі өзекті мәселе, облыс бойынша мектептерге 472 педагог жетіспейді. Оның 74-і бастауыш сынып мұғалімі. Осыған орай, педагог мамандығына облыс әкімдігінен бөлінетін грант саны артқан. Бұл туралы өңір әкімі Махамбет Досмұхамбетов онлайн брифинг кезінде мәлімдеді. Облыс басшысы қызмет қыламын деп келетін жас мамандарға қашанда көмек беруге дайын екенін жеткізді.
Махамбет Досмұхамбетов, облыс әкімі:
– Жас мамандар келіп, үй көтерер болса, оған 4 жарым миллиондай қаражат көмек көрсете аламыз. Енді ол жалақысынан басқа. Енді бер жағында жастарға пәтер жағын қажеттігіне қарап, қарастырамыз. Жалпы, жағдай жасауға дайынбыз.

Хабар 24 телеарнасы