423,41 498,70 5.56
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ШҚО тұрғыны саяжайға есірткі еккен

  • 252
ШҚО тұрғыны саяжайға есірткі еккен

Шығыс Қазақстан облысының Ұлан ауданы тұрғыны саудалау үшін 19 түп қарасора өсірген, деп хабарлайды «Хабар 24».

Есірткі затын баптап өсіруді қолға алған азамат кезекті жедел алдын алу шарасы кезінде анықталған. Саяжайлардың бірін тінту кезінде полицейлер кептірілген өсімдікті тауып алған. Артынша есірткі заты сол жерде өсірілгендігі де белгілі болды. Тәркіленген бұйымның салмағы 12 келіден астам. Күдіктіге қатысты қазір қылмыстық іс қозғалды.

Талғат Шаяхметов, ШҚО пд бастығының орынбасары:

– Күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жалғасуда. Оның әрекеті қылмыстық кодекстің 296 бабы, 4 бөлімі және 300-ші бабы бойынша бағаланады. Бұл баптар бойынша айыпталушы 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Хабар 24 телеарнасы