426,50 518.00 5.83
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

СҚО дәріханаларында термометр жоқ

  • 332
  • UPD: 19:33, 13.08.2020
СҚО дәріханаларында термометр жоқ

Солтүстік Қазақстан облысында дене қызуын өлшейтін термометр жоқ, деп хабарлайды «Хабар».

Мамандар оның екі себебін айтып отыр. Біріншіден, отандық өндіріс тоқтаған, екіншіден, негізгі жеткізуші ел – Қытай шекарасы жабық тұр. Карантин кезінде құрылған мобильдік топ мүшелері тексеріс барысында дәрі-дәрмектің де тапшылығын анықтады. Кейбір кәсіпкерлер олармен бірге бетперделердің бағасын өсіріп жіберген. Осындай деректерге қатысты 10 әкімшілік хаттама толтырылып, ірі көлемде айыппұл салынды. Жалпы тексеріс тобы дәрінің 41 түрін бақылауда ұстайды. Облыс орталығы ғана емес, аудандардағы жағдай да мәз емес.

Абласан Құрбанов, Экономикалық тергеу департаменті басқармасының аға тергеушісі:

- Мониторинг нәтижелері бойынша дәріханаларда дәрілік заттардың кейбір атауларының болмауына қатысты проблемалық мәселелер анықталды. Алынған мәліметтерді зерделеу барысында Тимирязев ауданында парацетамол мен аспириннің жоқ екені анықталды. Және оның Шал ақын ауданында аз мөлшерде болғаны анықталды.

Хабар 24 телеарнасы