429,37 504,00 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Шымкентте қоғамдық бақылау өкілдері емханаларды аралады

  • 224
  • UPD: 19:43, 13.08.2020
Шымкентте қоғамдық бақылау өкілдері емханаларды аралады

Шымкенттегі кардиоорталыққа оттегі станциясы қажет, деп хабарлайды «Хабар».

Мұндай құрылғының коронавирус жұқтырған науқастарға көмегі көп. Нақтыласақ, қондырғы барлық науқасты оттегімен қатар қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Қоғамдық бақылау өкілдері Шымкент қаласы мен Түркістан облысындағы медициналық мекемелерде болып, осындай маңызды жайттарға назар аударды.Олар денсаулық сақтау нысандарының құрал-жабдықпен, дәрі-дәрмекпен қаншалықты қамтылғанын тексеріп, бақылап жүр. Жалпы қазір барлық облыстарда қоғамдық мониторинг топтары жұмыс істей бастады. Олар тұрғындар мен медицина қызметкерлерінің арыз-шағымдарын жинап, салаға қадағалау жүргізеді.

Ермағамбет Қуатбаев, кардиологиялық орталықтың директоры:

- Мен дәрі-дәрмек жетіспеушілігі болмауы керек деп есептеймін. Алайда біздің орталық та басқа да мәселер  бар. Біріншісі – оттегі бекеті, екіншісі – қызметкерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, бұл маңызды жайт. Үшіншісі – білім беру. Яғни, әрбір қызметкер бізде бар барлық құрылғымен жұмыс істей алуы қажет.

Хабар 24 телеарнасы