427,01 518.00 5.90
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Атырауда әскери қызметшілер жауынгерлік дайындықтан өтіп жатыр

  • 437
  • UPD: 21:46, 13.08.2020

Атырау гарнизонының 200 әскери қызметкері «Қарабатан» оқу полигонында атыс жаттығуларын жүргізіп, жауынгерлік дайындықтан өтіп жатыр.

Олар санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып, жаңа жаттығу дағдысын жетілдірмек. Әр жаттығу жауынгерлердің тәжірибесін арттыруға мүмкіндік береді. Атырау горнизонындағы дайындық барысында офицерлер, сержанттар және сарбаздар жақсы нәтиже көрсетті. Қару-жарақты, әскери техниканы шебер қолданып, құралайды көзге атқан мергендіктерін дәлелдеді.

Қуаныш Әбутәлипов, рота командирі, капитан:

– Жеке құрам атыс қорытынды жаттығуларын тапсыруда. Жеке құрамның моральдық-психологиялық жағдайы өте жоғары деңгейде. Қойылған тапсырмаларды өз орнымен, өз уақытымен орындауда.

Хабар 24 телеарнасы