432,62 508,50 5.48
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Павлодар облысында демалыс орындары ашылады

  • 254
  • UPD: 20:41, 13.08.2020
Павлодар облысында демалыс орындары ашылады Abilet.KZ

Павлодар облысында да  екі айдан астам уақыт бойы жұмыс істемеген демалыс үйлері ашылады.

Облыстың бас санитарлық дәрігерінің жаңа қаулысы ертең күшіне енеді. Шипажайлар мен курорттық нысандар санитарлық-дезинфекциялық шараларды сақтаулары шарт. Құжатқа сәйкес, бетперде режимі де қатаң сақталады. 

Сонымен қатар туристік базалардың жанындағы жағажайларда демалуға рұқсат. Кешкі сағат 20:00-ге дейін суға түсуге болады. 

Карантин режимін жеңілдету аясында мониторингтік топтар екі ай бойы бақылау жүргізеді.

Айта кетейік, Баянауыл курорттық аймағында 50-ден астам демалыс үйі бар.

Хабар 24 телеарнасы