421,58 498,90 5.57
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елорда іргесіндегі ауылдарда инфрақұрылым мәселесі шешімін тауып келеді

  • 203
  • UPD: 08:08, 14.08.2020

Елорда іргесіндегі аудандарда инфрақұрылым мәселесі шешімін тауып жатыр, деп хабарлайды «Хабар».

Мәселен, Ақмола облысының Целиноград ауданына қарасты Қосшы, Қоянды және Софиевка ауылдарын алсақ болады. Аталған 3 ауылдық округте электр желілерін тарту және мектеп пен жол жөндеу сияқты жұмыстар қарқын алды.

Былтыр Софиевка ауылында басталған дәрігерлік амбулатория құрылысы аяқталуға жақын. 50 орындық медициналық мекеме келер айда пайдалануға беріледі. Қазір тек шатыры мен ішкі жұмыстары қалды.

Дархан Жанайдаров, Софиевка ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы:

- Соңғы 2-3 жыл ішінде осы ауылымызда қарқынды жұмыстар жасалды. Ең бастысы, жол. Капиталды жөндеу жүргізілді жолға. Содан кейін электр желілері қосылуда.

Ал, Қоянды ауылында жаңа мектеп салынды. 25 тамызда тапсырылады. Бір ауысымда 1200 оқушыға шақталған білім беру мекемесі газбен жылиды. 100 мұғалім мен 30 техникалық қызметкер жұмыспен қамтылады. Мектеп құрылысына көбіне ауыл тұрғындары атсалысты. Олардың орта жалақы көлемі 130-150 мың теңге аралығында болды.

Жанар Қаскенова, Қоянды ауылының тұрғыны:

- Бізге өте ұнады Қояндының мектебі. Басталғаннан бері осының ішінде жұмыс істеп жатырмыз. Жан-жағымыз көгалдандырылды. Балаларға өте керемет. Спорт алаңдарымыз да жақсы. Ішінде де жақсы. Өте мықты салынған мектеп. Біз өте балаларымыз үшін қуаныштымыз.

Ал, Қосшыда бүтін бір шағын ауданның көшелері жарықтандырылды. Қалған көшелердегі жұмыстар қыркүйек пен қазан айларында жалғасады. Сонымен қатар «Лесная поляна» тұрғын алабында да электр желісі тартылып жатыр. Жалпы ұзындығы – 1500 метр. «Құны 280 млн теңгеге тең жоба жуырда аяқталады», - дейді ауылдық округ әкімі Ержан Жолымбетов.

Авторлары: Мирлан Алтынбек, Ержан Қанапияұлы

Хабар 24 телеарнасы