425,99 498,70 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыдағы екі жылу электр станциясы газға ауыстырылуы мүмкін

  • 235
  • UPD: 02:04, 14.08.2020
Алматыдағы екі жылу электр станциясы газға ауыстырылуы мүмкін

Алматыдағы экологиялық ахуалды жақсарту үшін екі жылу электр станциясын газға ауыстыру керек.

Сонымен бірге қаладағы көлік санын азайтып, жасыл желек егілген жер көлемін 2 мың гектарға ұлғайтқан жөн. Осындай ұсыныстар еліміздің Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиевтің төрағалық етуімен өткен онлайн-конференцияда айтылды. Алматыда күнделікті 700 мың көлік жүреді. Солардан шығатын улы түтін ауаның 52%-ін ластайды. Бұдан бөлек, құрылыс қарқыны жоғары. Орталықта көп қабатты ғимараттар бой көтеріп жатқандықтан, жел өтпейді, ауа тазармайды. Бұл да экологияға кері әсерін тигізіп отыр. Ал, қаладағы ТЭЦ-2 және ТЭЦ-3-тің қазандығын газға алмастыру 2024 жылы ғана іске асырылуы мүмкін.

Серік Түйтебаев, «Самұрық-Энерго» АҚ басқарушы директоры:

- Қазір екінші жылу электр станциясын газға ауыстырудың техникалық-экономикалық негіздемесін жасап жатырмыз. Оның арнайы әзірленген «Жол картасы» бар. Оны іске асыру үшін 98 млрд теңге қаржы қажет.

Әсет Наурызбаев, «Таза қала» экологиялық ұйымының өкілі:

- Біздің есебімізше, станция қазандығын газбен жұмыс істеуге ауыстыру үшін 24 млрд теңге жеткілікті болады. Және оны жүйелі істеу керек. Сондықтан біз жобаға сұралып отырған осыншама мол қаржының бөлінуін құптамаймыз. Оның орнына химиялық-тазлау қондырғыларын жаңартуды ойлау керек.

Хабар 24 телеарнасы