424,85 498,70 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Майқапшағай» кеден бекетінде экономикалық контрабанда анықталды

  • 207
  • UPD: 09:29, 14.08.2020
«Майқапшағай» кеден бекетінде экономикалық контрабанда анықталды

ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің ШҚО бойынша Экономикалық тергеу департаменті ШҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті қызметкерлерімен бірге жедел іздестіру шарасын жүргізу барысында «Майқапшағай» кеден бекетінде тауарды тиісті түрде декларациямалау фактісін анықтады.

Атап айтқанда, Алматы қаласының тұрғыны жалған тасымалдау құжаттарын пайдалана отырып, тауарды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы  өткізуді ұйымдастырған, деп хабарлады ҚР ҚМ ҚМК баспасөз қызметі.

Ол өзінің қылмыстық әрекетін жүзеге асыру үшін Қытай Халық Республикасынан 24 233 дана түрлі аяқ киімді сатып алған.

Кейіннен сатып алынған тауарларға жүк құжаттарын берген компания менеджерінен «ерлер, әйелдер мен балаларға арналған аяқ киім ассортиментін» 26 703 дана «пластмассадан жасалған аяқ киім табаны» және 192 146 дана «аяқ киім ұлтарағы» деп көрсетуді сұрайды.

Кедендік тексеру нәтижесінде декаларацияда көрсетілген тауар мен нақты тауардың сәйкес емес екендігі анықталды.

Кедендік құнды анықтау жөніндегі маманның қорытындысы бойынша декларацияда бұрмаланып көрсетілген тауардың құны 33 860 588 теңгені, ал төленуге тиіс кедендік төлемдер 8 499 542 теңгені құрады.

Зайсан аудандық сотының үкімімен құқықбұзушы ҚР ҚК 234 бабының 1 б. сәйкес кінәлі деп танылды. Оған айыппұл салынып, 24 223 жұп көлеміндегі тауар мемлекет кірісі ретінде тәркіленді.

 

Хабар 24 телеарнасы